Бүгін Бейжіңде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясы ашылды. Онда Мемлекеттік кеңестің премьері Ли Кэцян сөз сөйлеп, Гонконгтің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласуына Қытайдың жол бермейтінін ескертті.
Наурыздың 11-де аяқталатын жиынға 3 мыңдай делегат қатысып жатыр. Олар Гонконгтің заң шығару жүйесін реформалап, бұл территорияны Бейжіңнің көбірек бақылауына жол ашу мәселесін талқыламақ. Дегенмен, Қытай үкіметі гонконгтіктерге кеңірек автономия берген «бір ел, екі жүйе» принципіне адал екенін де мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек