Ақмола облысындағы шахтада жарақат алған жұмысшылардың жалақысы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы шахтада жарақат алған жұмысшылардың жалақысы сақталады

05.03.2021

Ақмола облысының Ақбейіт ауылындағы шахтада жарақат алған жұмысшылардың жалақысы сақталады. Олар толық жазылып шыққанша кәсіпорын айлықтарын төлейді. Зауыт басшылығы қажет болған жағдайда, қосымша көмек көрсетуге де әзір екенін айтты. Қазір екі жұмысшы Астрахан аудандық ауруханасында жатыр. Жағдайлары - орташа қалыпты. Біреуінің жамбас сүйегі, екіншісінің аяғы сынған. 

Естеріңізге салайық, 4 наурызда шахтада 100 метр тереңдікте тас аралас топырақ опырылыпп, екі адам жарақат алған болатын.   

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу