Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады. Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Басқосуда іскерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері қаралды. Кешенді шаралар ағымдағы жылы жалпы ішкі өнімнің 3%-ға өсуіне ықпал етуі тиіс. 1 млн-нан астам кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Заңнамаға енгізілетін түзетулер 12 наурызға дейін Үкіметке ұсынылуы тиіс. Бұл ретте Премьер Ұлттық «кономика министрлігіне нақты тапсырма берді.
Дарын Сағитов