Қазақстанда 19 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 19 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

05.03.2021
Қазақстанда 19 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды. 857 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 216467-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 840 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 200440. Қайтыс болғандар - 2791.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 882 адам ем қабылдап жатыр. 226 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 44 адам дертке шалдыққан. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49462 адамға пневмония диагнозы қойылды. 43181 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 635.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу