Алматы облысындағы Үсек өзенін көбік басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Үсек өзенін көбік басты

04.03.2021

Алматы облысындағы Үсек өзенін 10 сантиметрден асатын ақ көбік басты. Бұл жағдайды Жетісу өлкесінің қорықшылары байқап, дереу Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хабарлаған.

Видеода өзен суы көпірге дейін лай әрі жасыл түсті екендігі, ал көпірден өткеннен кейін көбік массасына айналғандығы анық байқалады. Куәгерлер тіпті одан түсініксіз химиялық иіс шығатындығын айтады. Қазір Алматы облыстық экология департаментінің мамандары, әкімдік және табиғатты қорғау полициясы Жаркент өңіріне жетіп, тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Алдын ала болжам бойынша Жаркент крахмал-сірне зауыты өзенге қалдықтар төккен, дейді мамандар.



Хабарламаларға жазылу