Түркістан облысының Шардара қаласында тұратын Жамал Төлешова 20 жылдан бері ауыл биі. Кең жүректі ана баласынан бастап қариясына дейін қамқор болып, олардың жағдайын жақсарту үшін барын сап келеді. Қоғам белсендісінің арқасында шағын ауданның әлеуметтік жағдайы да жақсара түскен.
Жамал апайдың ауласынан шыға беріс көшеге қарай үш тарапқа бөлінеді. Басқалардан өзгелеу мұндай баспалдақ елдің бәріне қолжетімді болуым үшін әдейі жасадым,-дейді өзі. Ауыл билігін қолына алған соң бірден шағын ауданның әлеуметтік картасын жасапты. Әрбір үйдің адамын тізімге алып, нендей қиындықтары барын қағазға түсірген. Істі неден бастау керегін саралаған. Осындай жүйелі жоспардың арқасында қазір шағын ауданның көптеген мұқтаждығы шешімін тапты.
Анар Мошхалова, қала тұрғыны:Көшелердің жарықтандырылуы, лай басып жатқан жерлерімізге асфальт төсеп, онан өзге де көп мәселелерге отбасылық мәселелерді ақылдасып шешуге қашанда көмектеседі. Ол кісінің еңбегіне ризамыз.
Ауылдастарының үйіне барып қал жағдайын білу ел анасының әуелден қалыптасқан әдеті. «Өйткені жылы сөз адамды қанаттандырады. Ең бастысы адам үшін бәрінен көңіл қамбат»-дейді ол.
Нұрлан Смаилов, қала тұрғыны:Әйел адамға тән сезімталдығы, әйел адамға тән жанашырлық бұл кісіде басым. Әйел-ана ретінде сол мәселеге ықпал жасауы бұл кісіні ылғи да ерекшелендіріп тұрады.
Ел ардақтысы биыл 80-нің сеңгіріне шықты. Аудандағы әжелер алқасының төрайымы. Жас келіндер мен қыздарға қазақ аналарының өнегесін, отбасы құндылықтарын үйретумен келеді.
Жамал Төлешова, ардагер ұстаз, ауыл биі:Адамды мақсатқа итермелейтін жүректе сезім болса барлық қиындықты жеңуге болады. Адамның көңіліне қарап сөйлеу, жан дүниесін түсіну аналарға рухани көмек беру өте бір қайырымды іс қой деп ойлаймын.
Жамал апай мектепте 40 жылдан астам ұстаздық еткен ұлағат иесі. Аудандағы қарашаңырақ білім ұясына ұзақ уақыт басшылық етті. Оны мектеп лицей дәрежесіне көтерді. Білім-күш, білім-еркіндік дегенді берік ұстанатын ол үш перзентінен тараған немере мен шөбереге әлі де болса үйде мұғалімдік етуден шаршаған емес.
Ғани Қалмаханов