Әлеуметтік тауар бағасының шекті құны бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік тауар бағасының шекті құны бекіді

04.03.2021

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің негізгі құнына қосылатын үстеме енді 15%-тен аспауы керек. Тауарлар бағасына қатысты шекті сома бекіді. Әлеуметтік тауарға ұн, нан, жұмыртқа, күріш, қант секілді 19 түрлі азық-түлік өнімі кіреді. Сауда ережесінің бұзылмауын жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Бұдан бөлек, ысырапты азайту үшін ауыл шаруашылығы өнімін сақтайтын заманауи қоймалар салынады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу