Жаңаөзенде балаларға арналған оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

04.03.2021

Жаңаөзен қаласында ПТР тест тапсыратын зертхана ашылды. Медициналық мекеме тәулігіне 200 адамға дейін қабылдай алады. Бүгінге дейін 3 мыңға жуық тұрғын тест тапсырды. Сонымен қатар, Жаңаөзенде туа бітті сырқат балаларға арналған оңалту орталығы іске қосылды. Мұнда түрлі неврологиялық ауруға шалдыққан балаларға тегін әрі, кәсіби көмек көрсетіледі. Мамандар ай сайын 20 бүлдіршінге ем-дом жасамақ. Ал қалада мүмкіндігі шектеулі 1 мыңнан астам бала бар. Заманауи емдеу мекемесі демеушілердің қолдауымен бой көтерді. 

Фариза Шыртанова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
4 баланың анасымын. Бір баламның 3 жасында аутизмі бар екенін білдік. Ташкентке бардық, Астраханьға бардық. Барлық елді шарлап келдік қой. Өз жерімізде болғаны жақсы, қаламызда. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу