Бүгінге дейін 22 мың адам вакцина салдырып, 70 адам бас тартқан. Ал, екпе алған педагогтар саны – 458, күштік құрылым қызметкерлері – 275.
Мамандар жыл соңына дейін 6 миллион вакцина салуды жоспарлап отыр. Бастапқыда Қарағандыда өндіріліп жатқан ресейлік «Спутник-V» қолданылса, сәуір айында отандық «Казковидин» вакцинасына рұқсат берілуі мүмкін. Одан бөлек, көрші Қытай елінен де коронавирусқа қарсы екпе жеткізілуі мүмкін. Ал, вирустың таралуы бойынша ақпан айындағы тенденция жағдайдың оңалып келе жатқанын байқатады,-дейді мамандар.
Амангелді Сейітхан