2024 жылы темекінің мың данасы үшін салынатын акциздер 35 еуроға дейін қымбаттайды. Заң жобасы бүгін Мәжілісте мақұлданды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиевтың айтуынша, темекіге акцизді арттырған соң қосымша қаражат түседі. Демек, бюджетке түсетін кіріс 27 процентке көбейеді. Қазір елде темекінің мың данасына акциз 21,5 еуро. Біздің валютаға шаққанда 11 100 теңге шамасында. Өнімге салынатын қосымша құн бірден қымбаттамайды.
Ақерке Бектас