Аграрлық несие корпорациясына бөлінген 70 млрд теңге игерілмей қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аграрлық несие корпорациясына бөлінген 70 млрд теңге игерілмей қалуы мүмкін

03.03.2021

Аграрлық несие корпорациясына бөлінген 70 млрд теңге биыл игерілмей қалуы мүмкін. Шаруалардың проблемасын көтерген депутаттар мемлекеттік кепілдік беру рәсімін тездетуді сұрады. Өйткені Аграрлық несие корпорациясынан қаражат алу үшін Үкіметтің кепілдігі қажет. Былтыр ол алты айдан бір жылға дейін созылған. Бірақ шаруалардың оны күтетін уақыты тапшы, ал жоғары процентпен несие алу - қалтаға салмақ.  

Ғалым Әмреев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыруға алғашында тек екінші деңгейлі банктер жіберілген еді. Бірақ аталған банктер ауылдағы жобаларды қаржыландыруға деген ынтасының төмендігімен қатар, ондағы үй-жайларды кепіл мүлік ретінде қабылдамайтындығы өздеріңізге белгілі.

Ақерке Бектас 

Хабарламаларға жазылу