![Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/3/1614743042302.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмды. 717 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 214806-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 944 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 198726. Қайтыс болғандар - 2777.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 304 адам ем қабылдап жатыр. 243 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 65 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49372 адамға пневмония диагнозы қойылды. 42741 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 630.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/137903/)