ҚТЖ-ның Павлодар облыстық филиаланың басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚТЖ-ның Павлодар облыстық филиаланың басшысы ұсталды

02.03.2021

Павлодарда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы филиалының басшысы ұсталды.

Күдікті өзіне бағынышты қызметкерлерге мәжбүрлі түрде ақша жинатқан. Ал, көнбегендерін жұмыстан шығарам-деп қорқытқан. Жалғыз емес, осы әрекеті арқылы орынбасары да жемсауын толтырыпты. Қазір екеуі де қамауда. Олардың басқада заңсыз әркеттерге жол беруі мүмкін-деген деректер тексеріліп жатыр.

Максим Зенгер, Экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі:
Ол өзінің орынбасарымен бірге қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден 4 жыл бойы 8-10 мың теңге аралығында ақша жинап отырған. Тергеу жүріп жатқандықтан басқа ақпараттарды жария қылуға болмайды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу