Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейді

02.03.2021

Биыл қажылыққа вакцина салдырған мұсылмандар ғана қабылданады. Мұны Сауд Арабиясының үкіметі хабарлады. Айта кетсек, үлкен қажылық шілденің екінші жартысында өтеді. 

Ал, әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары жеті аптадан бері алғаш рет қайта көбейді. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Сондықтан, ол карантиндік шараларды босатпауға және тек вакцинаға сүйенбеуге шақырды. Бұған қоса, ұйым өкілдері пандемия жыл соңында аяқталады деген болжамның шындыққа жанаспайтынын ескертіп, екпелердің «ковидтан» ауруханаға түсу және қайтыс болу фактілерін айтарлықтай азайтатынын атап өтті. 

«Рейтер» агенттігінің дерегінше, қазір 62 елде коронавирус жұқтырғандар көбейіп отыр. Планета бойынша мұндай науқастар 114 жарым миллионға жақындап, коронавирустан 2 миллион 600 мыңнан астамы қайтыс болған. Ал, екпе салуға кіріскен елдер қатары 107-ге жетіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу