Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

02.03.2021
Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының басшысы ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Филиал басшысы жұмыс барысында көрсеткен қамқорлығы үшін қоластындағылардан жүйелі түрде сыйақы алған деген күдікке ілінді.

Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырған. 

Тергеу амалдары жүргізілуде.

пара Қаржы мониторингі агенттігі ҚТЖ

Хабарламаларға жазылу