Елордада мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау басталды

01.03.2021

Бүгін Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды. Короновирусқа қарсы екпені балабақша тәрбиешілері де алады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқанда 15 мың адамды қамту жоспарланған. Вакциналау үшін 36 медициналық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері жасақталған. 

1 ақпаннан бас қалада барлығы 2 126 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Айта кетерлігі, биыл бірінші жарты жылдықта еліміз бойынша «Спутник V» вакцинасын 2 млн-ға жуық адамға салу жоспарланған. Ал жыл соңына дейін екпе алғандар санын 6 млн-ға жеткізу көзделген.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу