«Мың алғыс» қайырымдылық телемарафоны жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың алғыс» қайырымдылық телемарафоны жалғасып жатыр

01.03.2021

Қазақстанда 80 мыңға жуық баланың мүмкіндігі шектеулі. Көбісінің жағдайы тым ауыр. Сал ауруы, даун синдромы, аутизм, тіпті қатерлі ісікке шалдыққандардың да саны аз емес. Олардың ем-домына кететін қаржыны ата-аналардың қалтасы көтере бермейді. Бірақ оларға біздің қоғам қашан да қолдау көрсетеді, қамқорлық танытады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жыл сайын өткізетін «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафоны осының дәлелі. Ағайынның асарлы ісін біріктіріп, ізгі ниетін көрсетіп, жомарт жандар мен мұқтаждарды табыстырып келеді.

Бүгін таңғы сағат 09.30-да басталған шара кешкі 21.30-ға дейін жалғасады. Тікелей эфир барысында остеогенез сырқатына дауа іздеген бір отбасының балалары - Нұрислам мен Балнұрға, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан журналист Бағдат Мұхтарұлына, Түркия ауруханасында лейкозбен күресіп жатқан 3 жастағы ақтаулық Ләйлә Бақтыбаеваға, тобығы өкшесіне бітіп, бел омыртқасы айқасып туған 8 жастағы қызылордалық Зарина Ниязбекке көмек көрсетіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 7 млн теңгеден астам қаржы жиналды. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу