Ұлттар мен түрлі этностардың бүгінгі жетістігі елдегі береке-бірліктің, тыныштықтың арқасы. Бүгін Алматыда Алғыс айту күніне орай бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері осылай деді. Мерейлі мерекені жыл сайын кең көлемде тойлау дәстүрге айналды. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден аса түрлі этнос өкілдері ауызбіршілік пен ынтымағы жарасып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. «Қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған көңілі дархан қазақ халқына әрдайым ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз», - дейді жиналғандар.
Қазақбай Қасымов, философия ғылымдарының докторы:Жолдан арып-шарып келген балаларымызға қазақтың әйелдері ана болды. Аузындағы бір үзім нанын жырып беріп, өздеріне тапшы киімдерін кигізіп, үйлерінің төрінен орын берді.