Бас мүфти Алғыс айту күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2021

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады. Бас мүфти тағдыр тауқыметін тартып, заманында қазақ жеріне пана іздеп келген түрлі ұлт пен дін өкілдерін бауырына басып, барымен бөліскен ата-бабаларымыздың бұл жақсылығы ұрпақ үшін мәңгі өнеге екенін атап өтті.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні Алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге үндейтін мерекеміз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілеймін. Адамгершілік пен имандылықты өмірінің қазығы еткен халқымыз қиын-қыстау сынақ жылдарында қамыққан жанға қамқор болды.

Сондай-ақ бүгін Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды. Кез келген қолданушы Jurekten.kz сайтына кіріп, өздеріне көмектескен адамға алғыс жаза алады. Жоба компанияның жеке қаражатына ашылған. Ешқандай қаржылай пайда табуды көздемейді.

Азамат Нұғыманов

Алғыс айту күні

Хабарламаларға жазылу