Түркістан облысында 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

28.02.2021

Түркістан облысында жекеменшік үйде төрт баласымен ананың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев неден болғанын анықтайтын комиссияның жиынын өткізген. Полиция және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерге жан-жақты тергеу жүргізу тапсырылған. Кеше бір отбасының бес адамы газға тұншығып қайтыс болған. Әйел 1980 жылғы, балалары 2004, 2006, 2013 және 2016 жылғы екен. Әкесі Шымкентте ем алып жатқан деп хабарланды.


Хабарламаларға жазылу