Пандемия Еуропадағы бизнеске қаншалықты әсер етті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия Еуропадағы бизнеске қаншалықты әсер етті?

28.02.2021

Пандемия кезінде тұралаған бизнес – қызмет көрсету салалары, мысалы, тамақтандыру орындары, туризм екені мәлім. Ал «карантин талаптарын орындамадың» деп дәмхана қожайындарына қомақты айыппұл салғанда, бопсалау немесе тапсырыс болатыны да ашық айтылады. «Негізсіз айыптайды» деп шырылдаған кәсіпкерлерді өткен аптада сөйлеттік. Осы басқа мемлекеттерде қалай?

Кішкене шегініс: мейрамхана бизнесі Еуропада күшті дамығаны мәлім: мысалы, Мадридтегі жұмыс істеп тұрған «Собрино де Ботин» ресторанының тарихы 1725 жылдан басталады. Бұл 16 ғасырда ашылған тавернелерді есептемегенде.

Қазір Еуропада осы бизнестің қатты зардап шегіп отырғаны да мәлім. Еуропада коронавирус таралуының үшінші толқыны басталды дегенмен, Ұлыбританияда наурыздың 8-нен карантиндік шектеулерді жеңілдету жоспары бар. Айтпақшы, патшайымы 94-гі Елизавета ІІ ел тұрғындарын ковид-19 -ға қарсы вакцина салуға шақырды. Биыл 100-ге толатын жолдасы Филипп ханзада екеуі екпенің алғашқы дозасын қаңтарда салғызған.

Сонымен, Ұлыбританияда локдаун кесірінен зардап шеккен компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының 80 процентін үкімет төлеп жүрген. Лондоннан Марина Бектенованың сюжеті.


Хабарламаларға жазылу