Қоқыс шығару қызметі бір жылда 19 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоқыс шығару қызметі бір жылда 19 пайызға өскен

28.02.2021

Осы аптада Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасалып, «биыл коммуналдық тарифтер шамамен 4 процентке қымбаттады, әсіресе қоқыс шығару қызметі бір жылда 19 процентке өскен, оның орташа тарифі былтыр 173 теңгені көрсетсе, биыл 264 теңгеге көтерілген» деген мәлімет тарады.

Осының жай-жапсарын Ұлттық экономика министрлігінен сұрадық. Олар түбіртек бойынша тариф көтерілген жоқ деп отыр. Сонда қалай болғаны? Тарифтер өсті ме, өспеді ме?

Сонымен бірге қызмет көрсететін монополист компаниялардың тариф есептегенде «жаңылысуы» туралы ақпараттар да көбейді.

Мысалы, Нұр-Сұлтанның бауырында жатқан Қосшы ауылында су арнасы артық ақша төлетіп келгені былай тұрсын, тіршілік нәрі айына кемінде 2 рет ескертусіз сөндіріледі. Ал шымкенттік тұрғынның газ беретін компаниямен соттасып жүргеніне үшінші жыл.

Онсыз да азық-түлік бағасы өсіп, мысалы, «алтын жұмыртқалар» пайда болғанда, табысының үштен біріне дейін коммуналдық ақыға жұмсайтындарды алдау. Осы мәселелерді Азамат Алдоңғар анықтап көрді.


Хабарламаларға жазылу