Ақмола облысында орналасқан «Қазақалтын» Акционерлік қоғамының қаржылық бөлім қызметкері кәсіпорын есеп-шотынан біреуге 1 жарым миллиард теңгеден астам қаржы аударып, өзі жоғалып кетті. Ол бұл заңсыз әрекетін 22-інші ақпанда жүзеге асырған. Қазір оған іздеу жарияланды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Степногорск қаласының бұрын сотталған 37 жасар тұрғыны да іздестіріліп жатыр.
Ермек Елберген