Елордалықтар газдың қатып қалып жатқанына шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар газдың қатып қалып жатқанына шағымданды

26.02.2021

Елордадағы Көктал ықшам ауданының тұрғындары жуырда ғана тартылған газ құбырларының қатып қалып жатқанына алаңдаулы. Әсіресе, аязды күндері. Тұрғындар үшін бәрінен бұрын қауіпсіздік маңызды.

Сайран Накупова үйне алғашқы болып газ қостырғандардың бірі. «Алайда, осыған дейін көгілдір отынның қызығынан гөрі қорқынышы басым болды»,-дейді.

Сайран Накупова, Көктал-2 ықшам ауданының тұрғыны:
Бір айда 11 рет қатты.

Мұндай оқиға бірнеше үйде тіркелген. Ал, қалалық әкімдік өкілдері бұл газ құбырын тартқан кезде бастапқыда болатын қалыпты құбылыс,-дейді. Айтуларынша, Елордаға келіп жатқан табиғи газ «-180 градуста» ғана қатады, сондықтан айтарлықтай қауіп жоқ деп елді сабырға шақырды.

Жауаптылар қауіпсіздік жүйесі автоматты түрде іске қосылады дегенмен, Сайран Накупова оған күмәнмен қарайды. Өйткені, кеше ғана үйінен газдың иісі шыққанда, дабыл жүйесі істемеген. Тұрғын газ тартушылар сапасыз құрылғы пайдаланды ма деп күдіктенеді

Осылайша, газ қостырған көкталдықтар алаңдаулы. Бірақ, мамандар қауіптің алдын алу шаралары ескерілген,-дейді. Айта кетейік, қазір Елордада 200-дей нысан көгілдер отынға қосылған. Биыл тағы 12 мыңнан аса абонентке газ жеткізу жоспарланып отыр. Үйлерге газ құрылғыларын орнатумен 60-тан астам мердігер айналысады.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу