Той тойлаған қарағандылық судьяның ісі Жоғарғы сотта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Той тойлаған қарағандылық судьяның ісі Жоғарғы сотта қаралады

26.02.2021

Пандемия кезінде тойдың үстінен түскен мониторингтік топқа оғаш қылық көрсеткен қарағандылық судьяның ісі енді Жоғарғы сотта қаралады. Естай Исабековке қатысты жергілікті деңгейде қызметтік тексеріс жүргізіліп, әріптестері оның әрекеті судья әдебіне қайшы екенін растады. Алайда жазаға тартпады. Онымен енді жоғарғы сот айналысады. Еске салсақ, Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің мобильді топ өкілдерімен дөрекі сөйлескен сәті әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Айта кету керек, мерейтойды Естай Исабековтің інісі ұйымдастырған. Оған айыппұл салынған. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу