Маңғыстауда 30 жылда алғаш рет жаңа мұнай кен орны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 30 жылда алғаш рет жаңа мұнай кен орны ашылды

25.02.2021

Қара алтынның мол қоры Бейнеу мен Маңғыстау аудандарының аумағындағы Тепке учаскесінен табылды. Геологтар барлау жұмыстарын 3 жыл бойы жүргізген. Ақпан айының басында алғашқы ұңғымадан мұнай атқылады. Алынған сынамалар мұнай сапасының өте жоғары, жеңіл әрі, құрамында күкірт жоқ екенін көрсетті. Басқа да параметрлері бойынша ірі кен орны болады деген болжам бар.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу