Арменияның қарулы күштері Пашинян мен үкіметтің қызметтен кетуін талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияның қарулы күштері Пашинян мен үкіметтің қызметтен кетуін талап етті

25.02.2021

Арменияның қарулы күштері премьер-министр Никол Пашинян мен үкіметтің қызметтен кетуін талап етті. Тиісті құжатқа Бас штабтың бастығы мен 40 шақты жоғары шенді офицер қол қойған. Пашинян бұны әскери төңкеріс деп бағалап отыр. Айта кетсек, штаб бастығының бірінші орынбасары Тиран Хачатрян Пашинянның зымыран кешеніне қатысты сөздерін «үстірт бағалау» деді. Бұл мәлімдемесі үшін ол жұмыстан қуылды. Оқиға әскерилер мен қоғамның наразылығын тудырды. Қазір Ереванда жағдай ушығып тұр, халық шерулетіп жатыр.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу