Түркістан облысында жер асты сулары көтеріліп, тұрғын үйлерге қауіп төндірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жер асты сулары көтеріліп, тұрғын үйлерге қауіп төндірген

25.02.2021

Түркістан облысы Созақ ауданындағы Жеткіншек елді мекенінде қалың қар мен жаңбырдың кесірінен жер асты суы көтеріліп, ауыл маңына жайылып кетті. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметі, соңғы екі тәуліктен бері су сорып жатыр. Ауылға қауіп төнбес үшін экскаватормен 150 метр жерге көлденең қашыртқы қазылды. Зерттеу орталығының мамандары судың қайдан шығып жатқанын анықтап, жер асты суларынан зақым келген үйлерді анықтауға кірісті.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу