Атырау облысында 300-ден астам адам дене жарақатымен дәрігерге жүгінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 300-ден астам адам дене жарақатымен дәрігерге жүгінген

25.02.2021

Атырау облысында көктайғақтың кесірінен екі күнде 50-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Ауруханаларда да жүктеме көбейді. Он күннің ішінде 300 - ден астам адам түрлі жарақатымен дәрігерге жүгінген. Алты адамды үсік шалған. Өңірдегі 196 мектепте ауа райының қолайсыздығынан 2 күн қатарынан сабақ доғарылды. Бүгінде 134 мыңнан астам оқушы онлайн режимде оқып жатыр. Қазір боран басылды. Алайда өңірдің кей аумақтарында әлі аяз. 

Жандос Темірғалиев



Хабарламаларға жазылу