Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Республикасы, Түрікменстан және Таиланд Корольдігінің қайта тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Дипломаттар өз елдері мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін жұмылдыратынын айтты. Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Үкімет тарапынан елшілердің игілікті миссиясын орындауға толық қолдау әрі көмек көрсетіледі деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Сіздерді қызметке қайта тағайындалып, Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңызды ресми түрде бастауларыңызбен құттықтаймын. Мол тәжірибе мен кәсіби біліктіліктеріңіз достас халықтардың түрлі сала бойынша ынтымақтастығын нығайта түседі деген сенімдемін. Жұмыстарыңыз табысты болсын.
Дарын Сағитов