Елбасы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыруды тапсырды. Сондай-ақ, пандемия кезінде халықты қолдауды жалғастыру керегін айтты. Бауыржан Байбек өз кезегінде партия бағдарламасына енген жұмыс жоспарының 24% биылғы жылы жүзеге асатынын, ал алдағы 5 жылда елге берген уәденің толығымен орындалатынын жеткізді.
Ақниет Балтанова