Заңгерлердің саны көп, сапасы жоқ - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңгерлердің саны көп, сапасы жоқ - депутат

25.02.2021

Елімізде заңгерлердің саны көп, сапасы жоқ. Мәселен, 113 жоғары оқу орнының 71-і заңгер мамандарын даярлайды. Бірақ профессорлық-оқытушылық құрам тапшы және оқу мен ғылыми үрдісті үйлестірудің тетіктері жоқ. Сенатор Ләззат Сүлеймен осы мәселені көтеріп, Үкіметке сауал жолдады. 

Депутаттың айтуынша, қазір педагогикалық, қаржылық, тіпті теміржол бағытындағы бейінді емес білім ошақтары заңгерлер даярлайды. Ведомстволық оқу орындарында білім алған мамандарды қоспағанда, жоғары оқу орындары соңғы 5 жылда 107 мыңнан астам заңгер маманға диплом берген. Олардың жұмысқа орналасу деңгейі де төмен.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Заңгерлерді оқытатын оқу орындарын лицензиялау және сертификаттау шарттарын қатаңдату, юриспрунденция саласындағы кәсіби стандартты бекіту, бағдарламаларды аккредиттеуді жетілдіру, тәуелсіз бағалауды енгізу, нақты сектормен байланысын күшейту, тағы басқа көптеген маңызды шешімдер қабылдануы тиіс. 

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу