«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы наурызда басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы наурызда басталады

25.02.2021

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы наурыз айында басталады. Бұл жөнінде «Отбасы банк» орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай айтты. Банк өкілінің сөзінше, бұл жобаны жергілікті атқарушы органдар қаржыландыратын болғандықтан, банк пен әкімдік арасындағы келісімге әлі қол қойылмаған. Бірақ жергілікті атқарушы орган осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй бағасы – шамамен 13 миллион теңге. Бастапқы жарна 10%, жылдық пайыз 5 процент.

Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры: 
Бұл – елорда жастарын толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының да, қала басшылығының да назарында. Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы сияқты елордада «Елорда жастары» бағдарламасы жүзеге асырылады. 

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу