Түркістан облысында шетелдіктердің 9 көлігін сатып жіберген тұрғын сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шетелдіктердің 9 көлігін сатып жіберген тұрғын сотталды

25.02.2021

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Тәжікстан азаматтарының 9 көлігін сырттай сатып жіберген тұрғын сотталды. Аудандық сот 31 жастағы айыпталушыны 4 жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Қапланбек шекара бекеті маңындағы үйлердің бірінде тұрған тұрғын карантин күшейтілген шақта ауласына уақытша қойып кеткен тәжік азаматтарының көліктерін 11 млн теңгеге саудалап жіберген. Алты көлікті Шымкент қаласының тұрғынына сатса, үш көлікті Сарыағаш ауданының тұрғынына бөлшектеп өткізген. Артынша қылмысы әшкере болып, Қазығұрт ауданындағы туысының үйінен ұсталған. Тергеу барысында оның қылмысы толығымен дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданған. Ал, сатылып кеткен көліктер тәркіленіп, шетелдік азаматтарға қайтарылды.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу