Лондонда өткен сән көрмесіне қазақстандық дизайнерлер қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда өткен сән көрмесіне қазақстандық дизайнерлер қатысты

24.02.2021

Қазақстандық 6 дизайнер Лондонда өткен сән көрмесінде көпшіліктің қошеметіне ие болды. Онлайн форматта өткен шараға британия, франция, кипр және посткеңестік елдердің тігін және қолөнер шеберлері қатысты.

Жыл сайын өткізілетін шара бұрынғы Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің мәдениеті мен өнерін насихаттауға арналған. Сонымен қатар пандемия уақытында замануи интернет-технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, шығармашылық адамдарын қолдау-негізгі мақсат. Дизайнерлердің сәнді киім жиынтықтары мен зергерлік бұйымдары «Экологиялық сән», «Замануи этника», «Сәні келіскен күнделікті киім» аталымдары бойынша сараланды. Сыншылар алдын ала түсірілген бейнебаяндарды тамашалап, әсіресе қазақстандық зергердің еңбегіне тәнті болды.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу