Әлем ғалымдары көшпенділер тарихын терең зерттеуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы «Ұлы дала және қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми конференциясында айтылды. Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасында өткен онлайн шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылды. Оған АҚШ, Ресей, Түркия ғалымдары қатысты. Тарихшылар көшпенділер мемлекеттілігі туралы ұғым қалыптастырып, тарихын тереңінен зерттеуі қажет, - дейді.
Ал тың деректер көптомдық академиялық Қазақстан тарихын жазуда ескерілуі тиіс. Конференция аясында ғалым Бүркітбай Аяғанның «Ұлық Ұлыс - Алтын Орда мемлекеті тарихы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Дарын Сағитов