Отбасылық бюджеттің 54% азық-түлік алуға жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасылық бюджеттің 54% азық-түлік алуға жұмсалады

24.02.2021

Отбасылық бюджетке коронавирус кезінде жұмыссыз қалу ғана емес, азық-түлік бағасының қымбаттауы да кері әсер етті. Осылай деген депутат Айқын Қоңыров бағаны бақылауға жауаптылардың жұмысынан нәтиже болмай тұрғанын айтады. Бір жылда азық-түлік бағасы 11 пайызға өсті. Отбасы бюджетінде азық-түлік сатып алуға кеткен шығынның үлесі 54%-дан асты.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ешкім бағаның қымбаттауына жауапкершілік алып отырған жоқ. Тауар құнын тұрақтандыру қоры қызметінің қаншалықты тиімді болып отырғанын қайта бағалауды ұсынамыз.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу