Ақылы жолда жылдамдықты асырғандарға айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылы жолда жылдамдықты асырғандарға айыппұл салынады

24.02.2021

Енді «Нұр-Сұлтан – Щучинск» бағытындағы ақылы жолда жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салынады. Өйткені былтырдың өзінде жүргізушілер 150 км/сағат жылдамдықпен жүрген, тіпті 238 шақырыммен жүйіткіген 8 мыңнан аса жағдай тіркелген. Енді ақылы жолдарға 400-ге жуық камера орнатылады. Бейнебақылауға түскен кадрлар мен мәлімет тікелей «әкімшілік бұзушылықтың бірыңғай реестріне» жолданады. Айта кетейік, ақылы жолдардан былтыр 5,7 млрд теңге түсті.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу