Соңғы кездері жиілеп кеткен өрт оқиғаларының алдын алу бойынша Мәжіліс депутаты Үкіметке сауал жолдады. «Қашанғы тұрғындар жалынның құрбаны бола бермек», - дейді ол. Фахреддин Қаратаев ақпанда Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Петропавлда болған қайғылы жағдайларды тізіп шықты. Ал, былтыр елде 9 мыңнан аса өрт тіркеліп, 228 адам көз жұмды. Тағы 200-ден астам тұрғын жарақат алған. Мәжілісмен осы ретте Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылғанымен, оның жұмысы әрдайым тиімді бола бермейтінін жеткізді.
Фахреддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Көпқабатты тұрғын үйлерге, әсіресе времянка, дачаларға, басқа да жайлы емес тұрғын үйлерге әрбір нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыстарды жүргізуді. Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларыға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беруді ұсынамыз.
Нысаналы Ығыл