Оралда Деркөл кенті маңында өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалын, құрғақ шөптің тұтануынан болған. Өрт шамамен күндізгі сағат 14:00 шамасында басталған. Тілсіз жауды аулада ойнап жүрген балалардың бірі байқап қалған. Жергілікті тұрғындар мамандар келгенше шелектеп су тасып, шамалары келгенше өртті өшіруге тырысқан. Қазір бұл аумақта 50-ге тарта түтін бар. Дені, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар. Қызыл жалынның қанша аумақты шарпығаны әзірге белгісіз. Ал, жыл басынан бері облыста құрғақ шөптің 33 тұтану дерегі тіркелген.
Әділбек Аюпов, қала тұрғыны:
- Осы жерде апам тұрады. 3-4 жыл бұрын оның қорасы мен моншасы өртеніп кетті. Онда да өзіміз жабылып, сөндірдік. Өрт сөндірушілер бүгін де келді. Бірақ, осы жерге жақындайтын жолдарды білмейді.
Назерке ТОҚЖАН