Павлодарлық полицейлер 11 айлық сәбиді құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық полицейлер 11 айлық сәбиді құтқарып қалды

23.02.2021

Павлодарлық тәртіп сақшылары 11 айлық сәбиді құтқарып қалды. Саяжайдағы үйді тексере барған олар пештен шыққан улы иіске тұншыққан баланы тапқан. Нәресте әбден тоңған, баспанада су да, жарық та жоқ. Полиция баланың туу туралы куәлігі жоқ екенін анықтады. 

Жанар Белялова, Полиция департаментінің ресми өкілі:
Қазір бала ауруханада жатыр. Емдеу курсынан өткеннен кейін ол сәбилер үйіне жіберіледі. Ал, анасының мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарайды. Әзірге оларға құқықтық көмек көрсетудің жолдары қарастырылып жатыр.

Ал Шымкенттегі жер үйлердің бірінде газға уланған 22 жастағы бойжеткенді аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына барған мамандар жуыну бөлмесінде су ысыту қондырғысы дұрыс орнатылмағанын анықтады. Газ осы бөлмеден үйге тараған. Желдету жүйесінің жоқтығы адам өліміне әкеп соқтырды. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу