Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

23.02.2021
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды. 692 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 208809-ға жеттi. 

Соңғы тәулікте 994 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 192733. Қайтыс болғандар - 2707.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 780 адам ем қабылдап жатыр. 245 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 8 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48991 адамға пневмония диагнозы қойылды. 40967 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 613.

Хабарламаларға жазылу