Ақтөбеде әкім орынбасары сот алдында жауап беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде әкім орынбасары сот алдында жауап беруде

22.02.2021

Ақтөбеде қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров пен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарған Нұрлан Досовқа қатысты сот процесі басталды.

Олар 2019 жылы шаһарды жаңа жылдық безендіруге бөлінген ақшаны қалтасына басты деп айыпталуда. Іс материалдарына сәйкес әкімнің орынбасары сыбайласы жұмыс істейтін серіктестікпен келісімге келген. Көрсетілмеген қызмет үшін компанияға бюджет қаржысы кезең-кезеңмен түсіп, оны қолма қол ақшаға айналдырып отырған. Тергеу нәтижесінде Әубәкіровтің жымқырған қаржыға қымбат көлік алып, оны өзге бір фирманың атына тіркегені белгілі болды.

Махаббат Ешімбаева, №2 қалалық сотының баспасөз хатшысы:
Аталған тұлғалар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жаңа жылдық іс шараларды өткізу үшін жалған шарт жасасу арқылы және заңсыз мемлекеттік сатып алуды жүргізіп, кейін іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген аса ірі мөлшерге қаражатты иемденіп, талан-таражға салды деп айыпталуда.


Хабарламаларға жазылу