Киімді цифрлық таңбалау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киімді цифрлық таңбалау басталды

22.02.2021

Елімізде киім-кешекті цифрлық таңбалау басталды. Оған отандық тігін фабрикалары мен бренд киімдерді импорттаушы 15 компания қатыспақ. Цифрлық код арқылы тұтынушылар тауардың қалай жеткізілгенін, қайдан, қашан шыққанын біле алады. Әрі көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, өнімнің заңсыз сатылуының алдын алады. Сарапшылардың айтуынша елімізде киім нарығының 58 пайызы көлеңкелі импортқа тиесілі. Былтыр мұндағы қаржы көлемі 1 миллиард теңге болса, енді таңбалаудың арқасында 2025 жылға қарай 80 миллиардқа жетеді деген болжам бар.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу