ЕО Ресейге жаңа санкция жариялау мәселесін қарастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО Ресейге жаңа санкция жариялау мәселесін қарастырып жатыр

22.02.2021

Еуроодақ Ресейге жаңа санкция жариялау мәселесін талқылап жатыр. Сол үшін аймақ елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қосты. Германия өкілі Хайко Маас оппозиция лидері Алексей Навальныйды соттағандар жауапқа тартылуы керек деп есептейді. Өзге дипломаттардың сөзінше, кезекті санкция аясында келесі айда президент Владимир Путиннің сыбайластарының сапары шектеліп, есепшоттары бұғатталуы мүмкін.

Навальный Германиядан оралған бойда тұтқындалып, шартты жаза ережелерін орындамады деген айыппен 3 жарым жылға сотталды. Оппозиционер өзіне тағылған кінәні саяси астары бар деп мойындамады. Ал, Ресей үкіметі адам құқықтарын таптағанын жоққа шығарып, одақты елдің ішкі істеріне араласты деп айыптап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу