Ақтауда паркингте 200 адамға той жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда паркингте 200 адамға той жасалған

22.02.2021

Карантинге қарамастан көпшілікті жинап, ұлан-асыр той жасайтындар тыйылмай тұр. Ақтаулық тұрғын паркингте 200 адамға тығылып той жасаса, қостанайлықтар заң тәртіп бұзғанын мойындамай мониторингтік топ өкілдеріне қарсылық көрсеткен.

Бейнежазба салынған порталдың авторы «Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков мобильді топ мүшелерімен «сен» деп сөйлеседі. Тәртіп сақшыларынан маскасын шешуді талап етіп, іште прокурорлар да демалып отырғанын мәлімдеді, - деп жазған. «Алайда осы уақытқа дейін мобильді топ өкілдері бұл жайтты жарияламады. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының деректер базасында да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жоқ», - деп хабарлады басылым авторы. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба бойынша қазір судья Естай Исабековке қатысты қызметтік тексеру жүруде.

Бұл Ақтауда болған жайт. Шамамен 200 адамға дастархан жайылған. Той иесі табылып, одан түсініктеме алынды. Қазір бұл іспен қалалық санитарлық қадағалау басқармасы айналысып жатыр.

Ал, Қостанайда мониторингтік топ өкілдеріне мейрамхана қызметкерлері қарсылық көрсетті. Тексеру кезінде мамандар 90 жылдық мерейтойды атап өткелі жатқандардың үстінен түскен. Мейрамхана әкімшілігі мен той иелеріне заң талаптарын түсіндіріп, тарауларын сұрады. Алайда қарсы тарап сұрақ жаудырып, тексерушілердің өзін тергеуге алды. Ақыры жиналғандар тарамады. Мониторингтік топ өкілдері болған жайға байланысты хаттама толтырып, шара қолдану үшін құзырлы орындарға жолдады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу