Ел бойынша да ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар ұйымы соңғы 10 жылда екі есе азайған. Мәселен, 2010 жылы олардың саны 210 болса, былтыр 98. Өйткені, жыл санап жетім балалар саны азайып келеді. Он жыл бұрын ата-анам қамқорлығынсыз қалған 38386 бала тіркелсе, былтыр 23410. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігіне қарасты балалардың құқықтарын қорғау комитеті таратты.
Амангелді Сейітхан