«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру кезіндегі қаржылық заңбұзушылықтар 1 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлап отыр. Ауқымды бағдарлама бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған. Оның сегізіне үкім шығарылып, үш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Келтірілген шығын 1 миллиард 100 миллион теңге. Бағдарламаға бөлінген қаржыны жымқыру деректері Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстары мен Шымкентте анықталған.
Досжан Маратұлы