Әлемнің 89 елінде коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 89 елінде коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жүріп жатыр

22.02.2021

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны жарты миллионға жақындап қалды. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, көз жұмғандар қатары бүгін 500 мыңнан асуы мүмкін. Осыған орай Вашингтонда «ковид» құрбандарын еске алу рәсімі өтіп, оған президентДжон Байден мен вице-президент Камала Харрис жұбайларымен қатысады. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Құрама Штаттарда қауіпті инфекцияны 28 миллионнан астам адам жұқтырған.

Ал, Қытай астанасы Бейжіңде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау науқаны басталды. 18 бен 59 жас аралығындағы тұрғындарға екпе тегін салынады. Айта кетсек, әлем бойынша бұл вирус 111 миллионнан астам адамнан табылды. 2 миллион 600 мыңға жуығы қаза тапты. Пандемияны тоқтату үшін қазір 89 елдің тұрғындарына вакцина егіліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу