Қазақстан ғарыштан қандай пайда көріп отыр – министр жауабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ғарыштан қандай пайда көріп отыр – министр жауабы

21.02.2021

Аптада америкалық марсоход «Персеверанс» қызыл планета – Марсқа қонғаны хабарланды. Құрама штаттардың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы /NASA-ның/ мәліметінше, марсоход жұмыс істеп бастаған, бірнеше, тіпті түрлі-түсті сурет жіберіп үлгерді. Марста тіршілік болған ба, деген сауалдың жауабын іздеу үшін америкалықтардың қызыл планетаға мұндай қондырғыны жіберуі бірінші рет емес. Ал жалпы, «Персеверанс» Марсқа соңғы айда қонған үшінші аппарат, оған дейін қызыл планетаның орбитасына Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайдың роботтары енген. Үшеуі де былтыр шілдеде ұшып шыққан. Жарты жылда 500 млн шақырымды артқа тастап.

Ғарышты зерттеу, игеру саласында жетекші рольге ие мемлекеттер, мысалы, АҚШ былтырғы бюджетіне 22,6 млрд доллар салған. Ресей 2,6 млрд долларға жеткізбек. Айырмашылық – айтарлықтай. Ал біздің мемлекет 2019 жылы 0,19 млрд доллар жұмсаған. Ғарыштық бағдарламасы бар мемлекет болғанның өзі жаман емес шығар, дегенмен Байқоңыр кешенінің игілігін көргіміз келеді.

Өткен аптада айтқанымыздай, Цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен сұхбаттың екінші бөлімін ұсынамыз – «Байқоңыр» ғарыш айлағында басқа мемлекеттермен де ынтымақтастық орнату керек шығар? Ондай жоспар бар ма?


Хабарламаларға жазылу